Шоу-бизнес пен киноны біріктірген тұңғыш отандық платформа пайда болды

Сообщить о проблеме с эфиром
Netflix, Alibaba сынды әлемдік деңгейдегі виртуалды алаңның отандық баламасы 19 000-нан астам фильм және 2 000 000-нан аса аудиотректерге онлайн қол жеткізуге мүмкіндік береді. Инвесторлардың 900 000 000 доллар қаржысы салынған жоба, бүгіннің өзінде кинематографиядағы һәм шоу бизнестегі тұлғалардың басым бөлігімен келісім шарт түзіп үлгерген. Продюсерлер мен режиссерлар болса, платформаның табысты боларына әрі күдікпен, әрі үмітпен қарайды. Асқар Ұзабаев, режиссер: – Олар отандық картиналардың құқығын қорғаймыз деген уәделерінде тұра ма? Мәселе осында! Сондықтан, оның жұмысына біраз уақыт өткен соң ғана баға беруге болады. Әсел Сәдуақасова, актриса, продюсер: – Бұл кинопрокаттан соң табыс табуға мүмкіндік береді. Пираттықпен күресуде бұған дейін әлсіз болған кинопродюсерлердің құқығын қорғайтын алаң ретінде қарастыруға болады. Асқар Бисембин, режиссер: – Біз осындай алаңның пайда боларына сеніммен қарағандықтан, әлі күнге «Свадьба на троих» фильмін ғаламторға жүктеген жоқпыз. Бұл платформа Қазақстанда «киноөндіріс» деген ұғымның пайда болуына жол ашады. «Технология арқылы түтынушылардың сапалы контент таңдау мәдениетін қалыптастырамыз», - дейді мобильді қосымшаны ұсынғандар. Бірақ, мұндай платформаларға сенімсіздік танытып, қажеттісін көк тиынсыз алуға дағдыланған Қазақстандықтар стримингтік қызметті қабылдай қояр ма екен? Дильназ Ахмадиева, әнші: – Еңбегіміз бағалануы қажет! Бірақ, біздің тыңдарман бәрін тегін алуға дағдыланып қалған. Алмақтың да, салмағы барына үйретуіміз қажет. Санжар Мәдиев, актер: – Киноларды онлайн көруге мүмкіндік беретін сайттарға сеніммен қарай алмаймын! Себебі, банк карточкалары арқылы жасалатын алаяқтыққа талай кезіктім! Сайттар өзге мемлекетте болғандықтан, оның өтеуін де сұрай алмайсың. Қазақстандық платформада мұндай қиындықтар туындамайды деп сенемін. Медеу Арынбаев, әнші: – Ең бастысы ақындарымыз, жазып жатқан сол композиторларымызды алатын болсаң, артта қалып қалып жатыр. Табыс көзі әншінің қалтасына түсіп жатыр ғой. Нұрлан Абдуллин, әнші: – Біздің бүкіл құқығымызды қорғайды деп сенеміз. Виртуалды алаң тұтынушының нақты жасын, қызығушылығы мен талғамын да айқындайды.