Жанұялық өмірді жаңа парақтан бастаған Дәурен Айдарқұлов жеке өмірі жайлы айтып берді

Сообщить о проблеме с эфиром
«Кешьюден» кеткелі Ақботаның жағдайын жұрт Баян Мақсатқызынан емес, Дәуреннен сұрайтын болды. Көрермен көзінен тасада қалған әнші қыздың қазіргі хәлін Айдарқұлов айтпағанда, кім айтады? Жақында ғана жас жұбайлар некелесіп, мына бір суретімен желіні дүр сілкіндірді. Осындай даудан дейін, Дәурен Ақботаның амандығы жайлы әлеуметке азды-кем ақпарат таратпасқа амалы қалмағандай... - Ақботаның қалы қалай? Дәурен Айдарқұлов, актер: - Бәрі жақсы! Өзімнің жеке өміріме қатысты сұрақтарға жауап бермесем болатын шығар? Ал, ақ көйлек киген суретін желіге жүктеп, оқырмандарының ойын сан-саққа жүгірткен Ақботаның тойы қашан? Жұлдыз Өмірғали, әнші, актриса: - Тойына? Той деп әлі ешкім айтқан жоқ маған. Бота ондай ақпарат таратқан жоқ. Той болады, осы күні келіңдер деп... Дәуренмен сол бір көрген кезде ғана амандасып қаламын. Ал, енді былай ол кісінің номері де жоқ. «KeshYOU» тобы: - Әлі шақырған жоқ! Мүмкін енді ол жағын ойластырып жатқан болар. Ұзын құлақтан естуімізше, Ақбота мамырдың мамыражай күндерінде ана атанады екен. Жұмыстан қолы босамайтын құрбылар, тек әлеуметтік желі арқылы хабарласып тұратындарын айтады... Балжан Бидаш, «KeshYOU» тобының әншісі: - Әрине, біз 2 жыл бірге жұмыс істегеннен кейін жағдай сұрасып тұрамыз. Былай кездесуге уақытым аз. Сондықтан, мен оның жағдайын сұрап, денсаулығын сұрап, солай ватсап арқылы. Жұлдыз Өмірғали, әнші, актриса: - Бір жарым айдай сөйлеспей кеттік. Содан телефон номерін ауыстырып, хабарсыз кетті. Сосын мен өзім іздеп тауып алып, нөмерін алып, қал жағдайын сұрап, сол бір апта бұрын сөйлескен болатынбыз. Ал, Бағым ханым, Ақботаны жарты жыл бойы көрмеген. Тіпті, шәкіртінің жеке өміріндегі жағымды жаңалықтары жайлы да білгісі келмейді. Бағым Мұхитденова, музыкалық продюсер: - Ақбота «Кешьюден» кетерде менімен қоштасып, сау айтуға да шамасы келмеді. Сондықтан, оның қал-жағдайын білуге құштар емеспін. Мүмкін жастығы болар. Біздің топтағы ән салған қыздар әр түрлі жағдаймен ұжымдағы жұмысын тоқтатып жатады, менің оған етім үйреніп кеткен. Ал Дәурен жеке өмірінен гөрі, шығармашылығына қызыққандардың саны артсын деді ме, құпияның ақиқатын ашпады. Дәурен Айдарқұлов, актер: - Құпия бола берсін онда, ол да қызық қой...