«Ninety One» тобының жаңа бейнебаянының тұсауы «НТК» арнасында кесіледі!

Сообщить о проблеме с эфиром
Төрт айға ұласқан жоспарлы үзіліс кезінде, серілер жаңа үнтаспаның әуені мен сөзін жазып, өңдеумен шұғылданғанды. Енді олар өзге авторлардың көмегіне жүгінбейді. Тарту ететін музыкасының бағыты да түгелдей өзгерген. Ерболат Беделхан, продюсер: – Жаман сөздерге, жаман іске жаман сөздермен жауап бермейміз. Бұл субмәдениет бұрынғы альтернативті музыкаларға қараған кезде, өте бейбітшілікті үгіттейтін, насихаттайтын музыка. Сөз жүзбен емес, іс жүзбен көрсетуіміз керек. «Ninety One» тобы: – Тәтті әндер, тек қыздарға арналған әндер деген сияқты болмайды. Ол әрбір адамның ішінде жатқан заты жайында болады. Жалғыз бұл әнге қатысты емес, толықтай альбомның концепті сол жайында болады. Адамның ішкі жан дүниесінің айтылмай жатқан әңгімелері. Екі тәулікке ұласқан тоқтаусыз тірліктен соң, бір сағат қана көз шырымын алып, сұлулық салонына келген жігіттер шаршағанын байқатпауға тырысады. Үнтаспа жазу мен бенефис фильм түсірілімі тұспа-тұс келгедіктен де, ұйқысыз түндер мен күндер жалғасуда. «Ninety One» тобы: – Толықтай студиядан шықпай, альбоммен айналыстық, киноға дайындық болды. Клип түсірдік және де алдағы уақыттардың барлығына дайындықтар болды бізде. «Eagles»-дарға бағытталған әр туынды, жігіттердің басқан әр қадамы - енді Ревюдің жіті назарында! 91-ліктер кез-келген жаңалықпен әуелі біздің бағдарлама арқылы бөлісіп отыратын болады. «Ninety One» тобы: – Сіздермен бірге 91! Біздің барлық шығармашылығымызды Нтк арнасындағы Ревю бағдарламасынан эксклюзивті тұрғыда көре аласыздар. Ал, өте жақында болатын, яғни 1-ші мамыр күні болатын біздің бейнебаянды дәл сол Нтк арнасынан көре аласыздар, эксклюзивті тұрғыда тағы да. Сау! «Ninety One» әзірлеген жаңа бейнебаян 1-ші мамыр күні «НТК» эфирінде, күні бойы айналымда болады. Мүмкіндікті мүлт жіберіп алмаңыз!