Сыннан көз ашпайтын Алтынай Жолдыбаева хейтерлерге жауап қатты

Сообщить о проблеме с эфиром
Желіге фото жүктей қалса, бірден сынның садағына ілігетін кіші Жолдыбаеваның соңғы суреті де, оқырмандарын шулатты. Көзін көкке бояп, ерніне сырға таққан Алтынайдың жаңа образын ерсі көрген фолловерлері сылқымды әбден сыбады. Алтынайдың әр посты жағымсыз жазбаларға толы. Алғашқыда оқырмандарымен виртуалды әлемде айқасатын актрисаның кереғар пікірлерге еті үйренгені қашан. Алтынай Жолдыбаева, әнші, актриса: - Ұзын кисең, неге ұзын кидің дейді. Қысқа кисең, неге қысқа кидің дейді. Жабық кисең, тым «монашка» сияқты киініп алыпсың дейді. Бұл Алтынайға сыпайы түрде айтылған сындардың бірі. Алайда артық кетіп, әншінің намысына тиетін фолловерлерінің легі оқушылар көрінеді. Алтынай Жолдыбаева, әнші, актриса: - Тіпті, мектеп кезінде біз білмеген сөздерді олар қазір кішкентай кезден біледі. Сондықтан да, солардың ата-анасы бәлкім көрер деп, басқа адамдардан жақсы сөздер естіп жинақталар, олар айтуға болмайтынын түсінсін деп, мен арнайы пост қоямын. Жақында Алтынай мектеп жасындағы жеткіншекті жазаламақ болып, желіге арнайы пост жариялаған-ды! Әнші қыздың ашулануы да орынды. Өнер иесінің парақшасын жіті қадағалайтын жандардың қатарында Алтынайдың ата-анасы да бар. Тіпті, талай мәрте қызына қоңырау шалып, суреттерін өшіруді талап еткен. Алтынай Жолдыбаева, әнші, актриса: - Мен айтамын анама: мама бұл деген инстаграм желісі, бұл жерде адамдар өзіне образ жасайды. Және де сол менің батыл образымды жақсы көретін біраз адамдар бар. Қазақтарға кішкене жаттау, кішкене батылдырақ образдар маған қатты ұнайды. Мен ешкімге солай жазсын деп әдейі киінбеймін. Бірақ, Алтынай қыз айтқанынан қайтпақ емес! Алдағы уақытта да, жанына жақын образдарды таңдап, жағымсыз пікір жазған желі қолданушыларының жүйкесін жұқартам деп отыр.