Ескінің орнын жаңа дүние көз ілеспес жылдамдықпен алмастыратын кезеңге де жеттік

Сообщить о проблеме с эфиром
Ескінің орнын жаңа дүние көз ілеспес жылдамдықпен алмастыратын кезеңге де жеттік. Күні кеше Instagram мен Facebook-тен бөлек назар тігуге тұрарлық әлеуметтік желі жоқтай көрінетін. Бүгін, олардың орнын алмастыруға қауқарлы «Nimses» әлеуметтік желісі пайда болды. Жариялаған посттар арқылы ақша табуға мүмкіндік берер жүйе несімен ерекше? Бүгінгі күннің ең басты құндылығы – уақыттың қадірін ұғынып, ол арқылы қаражат табуға болатынын дәлелдейтін жаһандық желі! Платформа авторлары жиналған ұпайларға «ним» деген атау берген. Осы алаңға жүктеген әр контентіңіз үшін сіз қалтаңызды жұқартасыз. Бір видео жариялау құны – 100 «ним»! Есесіне, сізге басылған әрбір лайк пен қалдырылған пікір 10 мен 100 ним көлемінде табыс әкеледі. Қанша, қаражат қалдыратынын фолловерлеріңіз өзі шешеді. «Nimses»-те өткізген әрбір минутқа қаржы төленеді. Мәселен, бір тәуліктегі 1440 минут үшін сәйкесінше осынша ним виртуалды есепшотыңызға түседі. Контентіңізге бұйырған криптовалютаны сізге осы жүйеге тіркелген досыңыз немесе бейтаныс жан жібереді. Ол үшін сіз жүктеген бейнежазба немесе сурет, юзердің қызығушылығын туындатуы қажет. Бұл біз бой үйреткен желілердегідей емес, лайкты тек лайықтыларға басуға ғана мәжбүрлейді. Бір қарағанда суретті жүктеу, фильтрлеу инстаграмға ұқсағанымен, «Nimses» жүйе ішінде капитал жинауымен ерекшеленеді. Сондықтан да, бұл жақын келешекте біраз желіні шетке ысырып тастауы мүмкін. Жиналған криптавалютаны тауарға немесе қаржыға алмастыруға болады. Желі авторлары 1822 нимді 1 долларға бағалап отыр. Шотыңыздағы нимдер 50 долларға жеткенде оны кәдімгі валютаға айырбастай аласыз. Ал, аталған сомадан аз болса бір шыны аяқ кофе үшін төлеуге ыңғайлы. Әзірге, бұл қызмет америкалықтар мен еуропалықтарға ғана қолжетімді.