Сальма Хайек уақытты бағындырған жан!

Сообщить о проблеме с эфиром

Сальма Хайек уақытты бағындырған жан! Елуінде өзінен 20 жас кіші бойжеткендердей тартымды актрисаның қартаймауының құпиясы қандай? Нью-Йоркте «Беатрис за ужином» атты жаңа картинасын таныстырған бикеш көпшілікке осы ойды салды. Cұлулығымен тамсандырған Сальманың көкейінде жасырған мұңы бар секілді...

Сальма Хайек – актриса:  «Жасым келді деген ой санаңызда қылаң берген күні, құрдымға кеттім дей беріңіз. Үнемі өзіңді жап-жас сезіну қажет. 50 деген мен үшін жәй сан ғана.» Қарттыққа қазірден бой алдыруға оның құлқы жоқ. Жалындаған жас көңілімен де қоштасқысы келмейді. Сонымен қатар, Сальманың кинодағы әр образы оның жанын тебірентетін бір әлемі. Осы жолғы «Беатрис за ужином» комедиясын таспалау барысында да талай көз жасыма ерік бердім, - дейді актриса. Жүрекке салып сомдамаса, жүректерге жетпейтінінін анық біледі.

Сальма Хайек – актриса: «Оның жан дүниесін мейлінше ұғынуға тырысытым. Себебі, кейіпкерім ерекше жан. Фильмде Беатристің ешкісін көршісі ұрып өлтіретін тұсы бар. Дәл сол жәйт менің де басымнан өткен. Ранчомда итіме қоңсым ажал құштырған. Осы сындас ұқсастығымыз көп.» Қазірдің өзінде, киносүйер жұрт «Беатристі» Сальма Хайектің мансабындағы үздік рөлге балады. Онда қатерлі ісікке шалдыққандар орталығы мейірбикесінің бақуатты емделушілермен өткізген сәттері суреттеледі. Әлеуметтік теңсіздіктер талай қисынсыз оқиғаның тууына сеп болады.

Конни Бритон – актриса: «Фильмнің сценарийін Майкл Уайт екі жыл бойы жазған. Әр кейіпкер толыққанды болуы үшін жұмыс істелген. Осындай үлкен еңбектің нәтижесі де оң болады деп сенемін.» Сальма Хайек картинасын таныстырып, біраз мемлекеттерге саяхаттауға ниетті. Туынды жайлы көбірек көрерменнің құлақтанғанын көзейді. Ал, отандық прокатқа комедия келесі уик-эндте шығады.