«Аюмилік» қыздардың қатарын толықтырған бойжеткен кім? Желіде жүзін жасырған ару жайлы біз айтамыз!

Сообщить о проблеме с эфиром

Алуа Қонарованың бұл посты бүгінде оқырмандарының санасын сан-саққа жүгіртуде. Бір білетініміз, жүзін жасырған бойжеткен «Аюми» тобының жаңа әншісі! Ал, аталмыш гелзбендті толықтырған сұлудың кім екенін Серікқазы Аязбаев анықтап көрді...

«Аюмилік» арулардың құрамына кірген қыз Бурабай баурайының бұрымдысы. 20 жастағы Сандуғаш Жұмағұлова елордада «эстрада вокал» мамандығы бойынша білім алып, аталмыш шаһарда лайф-бэндте өнер көрсетіпті. Ән әлемінде тәбеті бар бойжеткен енді Алматыдағы өнер академиясының студенті атануды көздейді. Ал, «Аюми» тобына сәуір айында қабылданған екен. Сандуғаш Жұмағаұлова, «Ayumi» тобының әншісі: «Кастингті көріп, өзімнің резюмемді жіберіп, видеомды жіберіп, фотоларымды жіберіп кастингтен өттім. 21-ші апрельде мен келдім прослушиванияға. 22-ші апрельде маған айтты өттің деп.» Ал, жүзден жүйрік шығып, азулы продюсердің талғамын дөп басқан бойжеткенді «Аюмилік» қыздар қалай қабылдады?! Ақназ Сағындықова, «Ayumi» тобының әншісі: «Сандуғаш кастингке келген кезде әбден зерттеген едік. Инстаграм бойынша зерттеді. Кейін кастингке келіп онымен біраз сөйлескен еді. Менің көзқарасым Сандуғашқа кішкентай қыз сияқты, жалпы менің сіңілім сияқты. Сондықтан, ұрсатын кезде ұрсып аламын, ойнап-күлетін кезде ойнап күлеміз бірге.» Қыздар танысқан бойда, бірден тіл табысып кеткенімен, жұмыс барысында Сандуғаштың маңдайынан ешкім сипамаған. Аюмидің жаңа әншісі, тәжірибелі әріптестерінің шабысына ілесе алмай жүргенін жасырмайды! Сандуғаш Жұмағаұлова, «Ayumi» тобының әншісі: «Биден қиындық болып жүр. Енді олардың биі өте қиын, жақсы. Өте әдемі. Қазір мен үйреніп жатырмын билерді.» Ақназ Сағындықова, «Ayumi» тобының әншісі: «Біз бұған бірден айтқан едік ең бірінші репетицияда... Біз мысалы «Хэйланы» бір жарым ай дайындасақ, «Сен емес пені» 1,5 ай дайындалдық. Ең қиыны қазір Сандуғашта. Өйткені онда соншама уақыт жоқ! Сондықтан бар күшіңді жинап, алға қойып бәрін үйрен»

Бүгінде Сандуғаш хореографиямен қатар, ән мәтіндерін жаттап, топ репертуары жаңа құрамның орындауында қайта жазылып үстінде. Ал, аталмыш қыздар ұжымы тың тректің тұсауын күзге таяу кеспекші...