"Astana Arlans" жартылай финалда ағылшындардың адымын аштырмады

Сообщить о проблеме с эфиром
WSB-дің жаһандық сериясында атойлаған "Astana Arlans" жартылай финалда ағылшындардың адымын аштырмады. Лондонда ағылшын боксшыларын жеңген"Astana Arlans" жігіттері - батырлар. Олар Бүкіләлемдік бокс сериясының екінші жартылай финалында «Бритиш Лайнхартс» сарбаздарын 3:2-мен ұтты. Рингте мерейі үстем болғандар: команда капитаны Олжас Сәттібаев, Закир Сафиуллин мен Аслан Шымбергенов. Елордалық боксшылар бұған дейін британиялықтардан Қостанайда 4:1-мен басым түскен еді. Жалпы есеп 7:3! Нұрлан Ақүрпеков шәкірттерінің WSB-дің ақтық сынындағы қарсыластары "Куба Домадорес" немесе "Колумбия Хероикос" болмақ.