Майкл Джорданның кроссовкиі бәссаудада 190 мың долларға сатылды. Аяқ киім кімге бұйырды?

Сообщить о проблеме с эфиром

Майкл Джорданның кроссовкиі бәссаудада 190 мың долларға сатылды. Аяқ киім кімге бұйырды?

Бүгінде Майкл Джорданның ғұмыры суреттелген бірнеше деректі фильм, толықметрлі картина, тіпті, мультфильм де табасыз. Әйгілі баскетболшыға деген миллиондардың қызығушылығы әлі де толастамағаны анық. Енді, спортшының 1984 жылғы Олимпиада ойындарында киген кроссовкиі бәссаудаға қойылып, аттай 190 мың долларға сатылып кетті. Бұл сома рекордты деп саналады! Лос – Анджелестегі Олимпиадада 21 жасар Джордан турнирдің үздік ойыншысы атанып, ақтық сында Испанияны ойсырата жеңуге зор үлес қосқан еді. Кумирінің жеке қолтаңбасы бар аяқ киімнің жаңа иесінің есімі құпияда сақталуда.