Тапа-тал түсте Сая Оразғалиеваның үйін тонап кетті

Сообщить о проблеме с эфиром

Тапа-тал түсте Сая Оразғалиеваның үйін тонап кетті. Актриса дер кезінде әрекет етпеген полицейлерге өкпелі.

«Қасиетті ай ұрыларға тосқауыл бола алмайды екен» - деп, таңданады актриса Сая Оразғалиева. Себебі, дүкенге барып келемін дегенше баукесепелер оның үйіндегі бағалы заттарын тып-типыл етіпті. Бейнебақылау камераларында тонаушылардың бет-бейнесін анық бар. Бірақ, ұрыладың із суытуына мұрсат берген полцейлерге Сая өкпелі.

Элиталы ауданның қақ төрінде орналасқан бұл тұрғын үй кешенінде қауіпсіздіктің қамы жоғары деңгейде. Арнайы күзет, жан – жақтан қаумалаған бейнебақылау камералары, бейнетіркегіші бар домофон! Тек, Сая Оразғалиеваның барлық бағалы зергерлік бұйымдары мен гаджеттерін, электронды техникасын, қомақты қаржысын жымқырғандарға бұл қолбайлау бола алмапты. Актрисаның айтуынша, сүт пісірім уақытта ұрылар құнды заттарды қолды қылып үлгерген. Тек, оқиға орнынан із суытуға беттеген сәтте Саяның анасы мен ұлы үйіне оралады. Мұны байқап қалған баукеспелер подъездің жоғарғы қабатына жасырыныпты.

Сая Оразғалиева – актриса: «Бейнебақылау камерасындағы жазбаға қарап, ұрылардың біз келген соң ғана подъезден шығып кеткенін білдік. Қасиетті Рамазан айында бізге қатты соққы болды. Ең қорқыныштысы асүйден пышақты алып, заттарды іздеу кезінде қолданған. Бірнеше минутқа ертерек келгінімізде не боларын ойлаудың өзі қорқышты. Үйде бізге қорғаныш болар ер адам да жоқ.»

Саяның пәтері бір жарым жыл бұрын да тоналған. Бірақ, бұл жолғы ұрылардың «әккі екендігі байқалады» - дейді, актриса. Кәсіби түрде әрекет етіпті. Алайда, екі оқиғаның арасында байланыс жоқ деп отыр.

Сая Оразғалиева – актриса: «Кеше түнде полицейлер саусақ іздерін алумен ғана шектелді де, кетіп қалды. Түні бойы аймақтағы қоғамдық орындардың бейнебақылау камерасындағы жазбаларды қарап шықтым. Ішкі істер бөлімінің жедел іздестіру қызметі ұрылардың беті анық көрінгендіктен, міндетті түрде табамыз деп уәде берді.»

Бірер күн бұрын кілтті есікке салудың да, ашудың да қиындап қалғанын байқаған. Еш мән бермеген актриса, мұндайда бірден дабыл қағу керектігін кеш ұғыпты. Барымташыларға қайтадан құрбан болмау үшін ол құлпын алмастырып, арнайы күзет қызметін жалдап, қауіпсіздік шараларын күшейткен. Енді, құнды дүниелерін қайтырып алудан үмітті.