Пи Дидди Forbes -тың ең бай танымал тұлғалар тізімінде көш бастады!

Сообщить о проблеме с эфиром
Талантымен табысқа жетіп, өнерімен өрлеген Димашты да таяуда Forbes тізімінен көргіміз келеді. Әзірге, жаһанның ең танымал тұлғалары арасында көш бастаған Шон Комбс болып тұр. Рэпер бір жылда 130 млн. АҚШ доллары көлемінде пайда тапқан. Пи Диддиге бұл табыстың 70 миллион көк қағазы сәнді брендтердің жарнамалық компаниясынан түсіпті. Қалған бөлігі концерттік турнелерінен бұйырған гонорары, саудаға салған акциясы, өзі PR жасаған шараптың сатылымынан келген қаржы. Тізімнің екінші сатысына рэпердің жерлесі Бейонсе жайғасқан. Құрсағына қос құт бітсе де, тынбай еңбектенген бикеш 105 миллион доллар қаржыны қалтасына салыпты. Поттерианы негізін қалаушы Джоан Роулинг үшінші орынға жайғасқан. Гарри Поттер жайлы фильмдер мен кітаптар жазушының қазынасын 95 миллион долларға молайтты. Жылдық табыстары шамалас Дрейк, Криштиану Роналду мен The Weeknd кейінгі сатыларды еншіледі. Олардың кірісі – 94 миллион доллардың айналасында.