Тіссіз қалған Деми Мур

Сообщить о проблеме с эфиром

54-жасар өнер иесі Деми Мурдың көрікті кейпіне көзіміз әбден үйреніп қалған. Ал, енді актрисаны тіссіз елестетіп көріңізші. Күні кеше Деми Мур ток-шоуға берген сұхбатында өзінің тісі түсіп қалған фотосуретін көрсетіп, жүргізушіге мақтанғандай болды.

Бұл оқиға Джимми Фэллонның «The Tonight Show» -ында орын алған. Актриса өзінің видеожазбасын жүргізушіге көрсетіп қана қоймай, өзіне өзі әбден күліп алды. Өнер иесі тісі түсіп қалғанына қарамастан, видеода да көңілді көрінеді. Деми Мур орын алған осы келеңсіздіктен кейін дереу тіс салдырып, дәрігерлердің көмегімен өзінің голливудтық күлкісіне қайтадан ие болды.

-Ия, осындай жағдайға тап болып отырмын. Тісімді скейдбордта сырғанап жүріп түсіріп алдым деп айтуға да болар еді. Алайда, ақиқаты – барлығына кінәлі күйзеліс» деп жауап берді ол.

Ал, Чейз Кеннеди есімді бойжеткенді сары уайым мазаламайтын сынды. Себебі, ару бүгінде АҚШ-тың «ең аяғы ұзын моделі» атағын алып, танымалдылыққа ие болуда. Әлеуметтік желіде Чейз Кеннедидің фотосуреттері өріп жүр. Өзінің ерекше дене бітімімен жұртты таңқалдырған арудың бойы 196, ал аяғының ұзындығы 129 сантиметрді құрайды. Бойы стандартты адамның аяғы болса, 90 см.

Алайда, модель өз сұхбатында сорайған бойының кей сәттері кедергі келтіретінін айтып ағынан жарылған.

Уитни Хьюстон жайында үлкен жоба әзірленуде! Ғаламтор желісінде дарынды тұлғаның өміріне арналған байопиктің трейлері жарияланды. «Мен өзіммен-өзім бола аламын ба» деген ерекше атау еншілеген картина көпшілікке қызық болары сөзсіз.

Лента авторларының пікірінше, аталмыш туынды арқылы өнер иесінің табынушылары Уитни Хьюстонды мүлде бөлек қырынан танып, әншінің жеке өмірімен етене таныс бола алады.