20th Century Fox киностудиясы «Люди Икс: Темный Феникс» фильмінің жарыққа шығатын күнін жариялады

Сообщить о проблеме с эфиром

20th Century Fox киностудиясы «Люди Икс: Темный Феникс» фильмінің жарыққа шығатын күнін жариялады. Киноөндірушілердің айтуынша, көрермендер туындыны 2018 жылдың 2-ші қарашасында тамашалай алады. Сондай-ақ, мутанттарға арналған фантастикалық картинаның қоюшысы ретінде Саймон Кинберг таңдалыпты. Экранизацияланған комикстың жалғасында да көптің сүйіктісіне айналған бұрынғы актерлер төбе көрсетеді. Сонымен қатар, бұл датада Walt Disney-дің «Мулан» мультфилмінің жаңа нұсқасы жарыққа шығады деп жоспарлануда. Бір күнде тұсауы кесілген екі фильмнің қайсысы көп көрермен жинары уақыт еншісінде.