Алматыда ең ұзын суши әзірленді

Сообщить о проблеме с эфиром

Жаңа бейнебаян ұсынған МBand-тықтар жапон асханасын ұнатады ма?! Бұлай сұрауымыздың себебі, Алматыда ең ұзын суши әзірленді. Ең қызығы, бұл рекорд орнатқан тағам отандық жұлдыздардың қолымен жасалды. Тілшіміз де дәмін татып көрген еді...

Оңтүстік астанада «ең ұзын суши» әзірленді. 20 метрлік тағам өзінің көлемімен дүйім жұртты таңқалдырып, Қазақстанның Гиннес Рекордтар кітабына енді.

Малик Хальфутдинов, Қазақстанның рекордтар кітабының өкілі: - Ең үлкен Филадельфия роллы. Ұзындығы 20 метрді құрап отыр. Қазақстанның рекодтар кітабы ұжымының атынан жаңа рекордпен шын жүректен құттықтаймын!

Әдетте, Жапония елінде сушиді тек ер адам әзірлеуі керек деген үрдіс қалыптасқан. Ал, қазақстандық ең ұзын ролды даярлау үшін біршама отандық өнер жұлдыздары аянбай ат салысты.

Фархат Абдраимов, актер: Шынымды айтсам, қазыны көбірек жақсы көремін. Ал, сушиді өмірімде бірінші рет дайындадым. Мен ойлағандай қиын емес екен. Білуімше, бұл тағамды өз отанында жаңа ауланған балық етінен даярлайды.

Алғашында «Суши» деп тағамның емес, балықты сақтау әдісін айтқан екен. Тек, 17 ғасырдан бастап бұл түсінік ас атауы ретінде қолданысқа еніпті. Жапондық Йохей есімді аспаздың осы өнертабысы бүгінде көпшіліктің сүйікті дәміне айналған.

Анастасия Клещенко, «FM» тобының экс-әншісі: -Сушиді ең алғаш бірнеше жыл бұрын жеп көрген болатынмын. Шынымды айтсам, әуеліде дәмі аса ұнамаған еді. Бірақ қазір роллдар мен сушидің барлық түрін жақсы көремін, кез-келген түрін жей беремін.

Ең алғаш екі шақырымдық суши әзірлеп, осы ерекше жарысқа мұрындық болған -жапондықтар. Одан кейін, Күншығыс елін ресейліктер 500 метрге басып озып, әлемдік рекорд орнатқан. Қазақстан жаһандық рекордты жаңғыртпаса да, тұңғыш рет ұзын «Филадельфия» ролын әзірлеген ел болып есте қалмақ.