«Жұлдызды айқас» кинокартинасы өзіне жаңа режисер тапты

Сообщить о проблеме с эфиром

Ал, киногер Рон Ховард «Жұлдызды айқас» фильміне білек сыбана кіріспек. Аталмыш кинокартинаның бұрынғы режиссерлары «шығармашлық түсініспеушілік» салдарынан туындыны таспалаудан бас тартқан еді.

Кино саласында атан түйедей салмағы бар Рон Ховардтың «Жұлдызды айқастың» бұл бөлімін ойдағыдай алып шығарына көпшілік сенімді. Себебі, режиссер бұған дейін «Апполон-13», «Гонка», «Код да Винчи» сынды сәтті деп танылған бірқатар туындыларды таспалаған. Жұмысы уақытша тоқтаған фильмнің түсірілімін Рон Ховард 10-шы шілдеден қолына алмақ.