Головкин мен Канело жекпе-жегіне орай WBC аса құнды белбеу жасап шығарды

Сообщить о проблеме с эфиром

Жанкүйерге рух беру – асыл парыз. Ал, WBC тұжырымының Головкин-Канело жекпе-жегіне арнайы, әрі бағалы белбеу жасауы пиар-қадам.

Бұл чемпиондық атақ Геннадиге тиесілі болса да, Канело ол белбеу үшін жұдырықтаспайтынын кесіп айтты. 2016 жылы Альварес Головкинге еш майдансыз-ақ WBC чемпиондығын бере салған. Мексикалықты бұл қадамы үшін жанкүйерлері қатты сынады. Осылай WBC – мен араздасқан Канело, 16-шы қыркүйектегі кездесуде, бұл тұжырымның белбеуі үшін рингке шығудан бас тартты. Бәске Генаның басқа чемпиондық белгілері тігіледі.