«Фэйсбук» әлеуметтік желісінің қолданушылары саны 2 млрд-қа жетті!

Сообщить о проблеме с эфиром

«Фэйсбук» әлеуметтік желісінің ұжымы да, бәсеке мықты тұста тасада қалмау үшін күні-түні тер төгуде. Жаһан жұртының досындай болып кеткен жүйе, өзіндік рекорд орнатты. Аталмыш әлеуметтік желіні ай сайын қолданатын тіркелушілердің саны 2 млрд-қа жеткен!

Танымалдығы бойынша екінші орынды еншілеген YouTube-ты бір айда 1,5 млрд адам пайдаланады. Ал, Марк Цукерберктің меншігіндегі WhatsApp пен Facebook Messenger-ді 1,2 млрд халық тұтынады. Фэйсбук бүгінгі биігіне жету үшін, компания 13 жылдық еңбек жолынан өткен.