Экспо-2017 халықаралық көрмесінің арнайы «кешкі» билеттері арзан бағамен сатылымға шықпақшы

Сообщить о проблеме с эфиром

Астана күні құрметіне Экспо-2017 халықаралық көрмесінің арнайы «кешкі» билеттері арзан бағамен сатылымға шықпақшы. Бұл науқан 1-ші және 10-шы шілде аралығында жалғасады. Олардың құны 2000-3000 теңге мөлшерінде.

Демалыс күндері 17 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер Экспо қалашығын тегін аралай алады. Сонымен қатар, үш билет алсаңыз, тағы бір билет сыйға берілмек. Елорданың туған күніне орай көрме аяқталғанша жарамды 50 000 теңгелік абонемент сатып алсаңыз да болады.