Бурак Өзчивит отау құрды! Актердің фильмдегі және өмірдегі сүйіктісінің той көйлегі неге бірдей?

Сообщить о проблеме с эфиром

Түрік киноөнері табынушыларына жағымды жаңалық! Бұл жақтағы киноәлемнің ең жарасымды жұбы Бурак Өзчивит пен Фахрие Евджен үйленді. Күні кеше аталып өткен тойдың ең қызықты сәттерімен тілшіміз бөліссін!

Бурак Өзчивит пен Фахрие Евджен 2015 жылы жарық көрген «Ашк сана бензер» фильмі арқылы көпшіліктің көзайымына айналған еді. Аталмыш картина өнер иелеріне танымалдылық сыйлап қана қоймай, қос жүректің көңілін де табыстырды.

Араға 3 жыл салып, Түрік киноәлемінің ең жарасымды жұбы отау құрды. Көптен күткен ұлы той тарихи шаһар Ыстамбұлдың жағажайында өтіп, қос ғашықтың қуанышына түрік өнер жұлдыздарының барлығы ортақтасты. Алайда, қонақтар арсынан Бурактың әріптесі Неслихан байқалмады..

Бұған дейін Түркия баспасөз беттерінде Неслиханның жұбайы Кадир, әйелін қызғандықтан тойға баруына рұқсат бермеді делінген еді. Бірақ, жұртшылықты Неслиханның шараға қатыспағандығы емес, қалыңдықтың той көйлегі таң қалдырды.

Қырағы көз көпшілік бір жыл бұрын отау құрған Бурактың әріптесі Неслихан мен Фахриенің той көйлектерінен ұқсастық байқады. Одан өзге екі қалыңдықтың шаш үлгілерінде де өзгешілік білінбейді.

Мұны біреулер сәйкестікке баласа, енді бірі бекер емес деп болжамдады. Ал, бұдан бейхабар Бурак мырза болса, тойға әр адам басына 600 лира, яғни 55000 теңге төлеп, барлығын қосқанда 27 миллион теңгеге шығындалыпты..

Үйлену тойын абыроймен атқарған жұлдызды жұп, енді бал айына Мальдив аралдарына аттанбақ. Ғашықтарға бақытты болсын дейміз!