Шон мен Беей емес екен! Бейонсе егіздеріне қандай есім еншілетті?

Сообщить о проблеме с эфиром

Әзірге, Бейонсенің тың туындыларына куә бола қоймаспыз! Сылқым өзі үшін аса маңызды мәселемен бас қатырып жүр. Егіздерінің есімін бренд атауына айналдырмақ!

Себебі, тұңғышы Блю Айвидің атын бренд ретінде заңдастыруға үлгере алмай, бәзбіреулер алдын орап кеткенді. Перзентхандан шыға салып, сәбилерінің есімін сауда маркасы ретінде тіркеуге жанталасып жатқаны да сондықтан.

Айтпақшы, перзенттерінің аты - Шон мен Беей деген ақпарат бұған дейін тарағанды. Ақиқатында, ең танымал нәрестелерге Руми мен Сэр деген есімдер бұйырған.

Үлкен турнесі аясында 122-ші концертін, Адель тұманды Альбионда өткізуі керек еді! Бірақ, тамағы ауырып, Лондондағы соңғы екі шоудан бас тартты. Дегенмен, ашуға булыққан тыңдармандары жоқ. Мыңдаған жанкүйерлері Уимболдон стадионына жиналып, Адельдің әндерін өздері шырқады.

Ұлыбританияда Анджелина Джоли мен Брэд Питті қайта татуластырған кездесу өтті. Олар перзенттері үшін енді араздаспауға, ашуды ақылға жеңдіруге келісіпті. Бұл – Брэдтің енді балаларымен жиі жүздесуіне мүмкіндік туды деген сөз.

Брэд Питт басты рөлді сомдаған "Бесславные ублюдки" картинасының түсірілімінде. Квентин Тарантиноның Даниэла Пикпен танысқаны бар. Араға сегіз жыл салып атышулы режиссер сәнбикеге үйленуге ұсыныс жасады. 54 жастағы Квентин мырза осылайша тұңғыш рет некесін қидырады.