Неліктен Дильназ Ахмадиева екі апта бойы әлеуметтік желіден бой тасалады?

Сообщить о проблеме с эфиром

Дильназ Ахмадиева үшін өз жанкүйерлерімен «түннің бір уағында» қауышу әзірге таңсық түсінік. Әлеуметтік желіде көптен көрінбеген әнші, керісінше ашық аспан астында ән салып тыңдарманын қуантты. Дильназдың шағын шығармашылық үзілісіне не себеп?

Әсем әндерімен жүректі әлдилеген Дильназ Ахмадиева әлеуметтік желідегі белсенді жұлдыздардың бірі. Алайда, өнер иесі соңғы кездері ғаламтордан бой тасалап, тыңдарманын тың туындымен қуантуды мүлде қойған. Ал, сурет салуды сиреткен әншінінің мына фотосы көпшілікті ойға қалдырды.

Дильназ Ахмадиева, әнші: -Ия, мен қатты ауырып қалдым, вирусты инфекция дер едім. Тыныс алу жүйем дұрыс болмай, біраз ем-дом қабылдадым. Дәрігерге қаралып, айтарлықтай әбігерге түстім.

Денсаулығы аздап сыр берген өнер иесінің бүгінде жағдайы жақсы. Алматыда өткен кеште, Дильназ тек тыңдармандарымен ғана емес, туысқандарымен де қауышты.

Дильназ Ахмадиева, әнші: -Туған-туысқандарыммен сирек жүздесетіндігім соншалық, олар да бүгінгі ашық аспан астында өткізіліп отырған кешке келіпті. Менімен жүздесіп қана қоймай, әндерімді де тыңдағысы келген болар. Ал, жалпы концерттен кейінгі әсерім керемет.

Енді жұмысыма білек сыбана кірісіп, шығармашылығымды шыңдаймын деген Дильназдың болашаққа құрған жоспары жетерлік.

Дильназ Ахмадиева, әнші: -Ең әуелі, бұл жылы екі-үш бейнебаян түсірмекшімін. Ол үшін екі қазақ, бір орыс тіліндегі әндерді дайындап қойдым. Ал, келесі жылы Қазақстан бойынша ән-сапараға аттанбақпын.

Дильназ жаңа бейнебаянын таспалайтын жерді де таңдап қойған көрінеді.

Дильназ Ахмадиева, әнші: -Бейнебаяанымды Лос-Анlжелесте түсірмекшімін. Себебі, менің режиссерім қазір сол қалада. Оның үстіне, Лос-Анlжелестің көрікті жерлері жетерлік.

Сырлы үнімен тыңдаушы жүрегіне жол тапқан Дильназдың шығармашылығына енді еш кедергі болмас деген ойдамыз.