Рут Беллді Мария Грация Кьюри бір-ақ күнде ең сұраныстағы сәнбикеге айналдырды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Көлеңкедегі Рут Беллді Мария Грация Кьюри бір-ақ күнде ең сұраныстағы сәнбикеге айналдырды! Диордың дизайнерінің «Рут музам» деген бір ауыз сөзі оның жұлдызын жақты! Кьюри ханымның фэшн өндірістегі тағы талай жаңалығына Селин Дион, Натали Портман, Роберт Паттинсон, Дженнифер Лоуренс , Белла Хадид куә болды!

Африка саваннасындағы керіктер мен мүйізтұмсықты, Азияны мекендеген арыстандар мен маймылдардың мүсіндерін жасап, подуимға шығару - бір жаңашылдық! Сән үйінің кретативті директоры Мария Грация Кьюри дәл осылай - жер жүзінің картасындағы әр континеттерді тоғыстырдық, - дейді.

Мария Грация Кьюри, «Dior» сән үйінің креативті директоры, сәнгер: - Кристиан Диордың шеберлігіне сөз жоқ! Оның қолтаңбасын жоғалтпауға тырысамын. Өзімнің көзқарасым мен Диордың негізгі бағыты үйлесімді болуы керек. Сән үйіміз әрдайым өзіне сенімді, батыл бикештер жағында! Бүгінгі подуим да мұны айқындап тұрған болар.

«Dior» тарихына үңіліп, өткенге оралуда үлкен мән жатыр! Себебі, сән үйі биыл 70 жылдық мерейтойын атап өтуде. Сондықтан да, Париж төрінде «Кристиан Диор! Армандағы сәнгер» атты көрме ашылды. Үш мың шаршы метрде брендтің негізін қалаушы мен оның алты ізбасарының топтамалары қойылған.

Натали Портман, Селин Дион, Дженнифер Лоуренс, Роберт Паттинсон мұндай маңызды басқосуды қалт жібере алмаған!

Селин Дион, әнші: - Ел алдында жүргендіктен, сәнмен де біте қайнасуға тырысамын. Өйткені, соңғы тенденцияны қадағалап, әр әніме сай келетін образдарды қалыптыстыруым қажет.

Мария Грация Кьюридің жаңа қызметіндегі бесінші топтамасы фэшн сарапшылар мен сәнқойлардың әлі ұзақ талқылауында болатыны анық.