Қазақстандық киномандар «Трансформерді» таңдайды! Неліктен отандық көрермен фантастикаға әуес?

Сообщить о проблеме с эфиром

АҚШ-та «Трансформеры: Последний рыцарь» картинасы прокатқа шыққан сәтте, киногерлер фильмнің бұл бөлімінің алдыңғыларынан табысы аз болады деп болжаған еді.

Алайда, қиял-ғажайыпқа құрылған аталмыш картина елдегі киносүйер қауымның көңілінен шыққан сыңайлы. Туынды демалыс күндердің өзінде-ақ 294 миллион теңге жинап, табысын еселей түсті.

Ал, «Көліктер-3» сиквелін тамашалау үшін отандық көрермен үш күнде 87 миллион теңге қаржысын жұмсаған. Одан бөлек, «Мумия» кинокартинасы 66 миллион теңгені қоржынға салып, үздік үшінші орынды алды.

Тағы бір қызығы.. Шыққанына 5 жұма өтсе де, «Пираты карибского моря» фильмі мықтылардан қалыспауда. Туынды осы аптаның демалысында 34 миллион теңге жинап, төртінші сатыға жайғасқан.