Dolce&Gabbana-ның бет бейнесіне айналуы мүмкін қаракөз қазақ қызы кім?

Сообщить о проблеме с эфиром

-Естідің бе? Қазақ арулары көз тартар көркімен шетелдік әйгілі сән үйлерінің ықыласын шындап жаулауда дейді...

-Әрине! Әйгілі Dolce&Gabbana брендінің негізін қалаушы Стефано Габбана, әлеуметтік желідегі парақшасында Бота есімді қаракөзіміздің суретін жариялады. Беделді сәнгерді елең еткізген сұлу бойжеткен туралы не білеміз?

Италияндық Dolce&Gabbana брендінің негізін қалаушы Стефано Габбана инстаграм парақшасында қазақ қызының суретін жүктеп, «Dolce&Gabbana сұлуы» деген жазба қалдырған болатын..

Стефано Габбана бұл әрекетімен нені меңзегені белгісіз, алайда сурет қоғам арасында қызу талқы тудырды.

Сәнгердің назарын аудартқан – Ботагөз Балабекова есімді бойжеткен. Сылқым сұлу Жезқазған өңірінің тумасы. Еуразиялық ұлттық университетін «логист» мамандығы бойынша тәмамдаған ол, өз жолын сән әлемінде тапқан...

Бүгінде Ботагөз әртүрлі киім брендтерінің фотоссесиясына түсіп, дарынды модель ретінде танылуда. Әлемнің әр түкпірінде жасалған әдемі фотосуреттері арқылы-ақ инстаграм парақшасында 310 мың оқырман жинап үлгерген...

Сондай-ақ, Бота Балабекова белгілі футболшы – Ұлан Қонысбаевпен көңіл жарастырғаны бар. Сылқым 2012 жылы ең алғаш екеуінің бірге түскен суретін жариялаған еді. Жүрек табыстырған қос ғашықтың, той күні де жақын болатын. Алайда, бізге белгісіз себептерімен екеуінің өмірлік жолдары тоғыспады... Mахаббатын әзірге таппаған Бота, енді модельдік мансапта өз бақытымен қауышар деген ниетіміз бар!