#Ravens риза болған күн! «ВlackDial” су жаңа қос тректің тұсауын кесті

Сообщить о проблеме с эфиром

«Рэйванстар» сәл күтіңіздер! Жуырда, «ВlackDial” тобы шағын альбомын таныстырмақ ниетте. Олар күні кеше жанкүйерлерінің басын қосып, су жаңа екі әннің тұсауын кесті.

Кью-поп мюзик пати! Бұл аталмыш бағытта ән салатын өнерпаздардың ортасы. Сондай-ақ, думанды кеш фанаттар үшін сүйікті кумирімен емін-еркін суретке түсіп, қолтаңба алатын арнайы алаңға айналды... Рэйванстар риза болған күн! Иә, иә «Блэк дайлдық» жігіттер бұл кеште су жаңа қос тректің тұсауын кесті.

«Black dial» тобы: -Бірінші әніміз біздің би ырғағында. Яғни, жастардың көңілінен шығады деген ойдамыз. Әннің аты «Тым бөлек»... Ал, екінші ән «Бұл соңы емес». Яғни, адам мен уақыттың бір-бірімен қарым-қатынасы. Егер сіздің қолыңызда уақыт көлігі болса не істер едіңіз? Соған жақынырақ.

Бұл патиге #Аэнстер де арнайы келген. Өйткені, Кристалстың қыздары адал фанаттары үшін корейлік колоритке қазақы мәтінді қосып, жаңа ән даярлапты.

«Crystals» тобы: -Әннің аты «Камбэк хоум» деп аталады. 2EN1 деген топ. Біз бұл әнді таңдаған себебіміз, бұл ән бізге стиль, ән, би жағынан да жақсы келеді.

Ал, бұл жолы лойалзтар үшін тек кумирімен кездесу бақыты ғана бұйырды. Өз фанаттарына жаңа әнін тарту етпесе де, Зируза әріптестермен жақынырақ танысудың сәті түсті дейді.

Ziruza, әнші: -Бүгінгі кештің ерекшелігі бір жерде барлық кью-поп бағытындағы әншілер жиналып жатыр. Енді-енді ғана танып жатырмын. Кью-поп бағытындағы әншілерді. Өйткені уақыт өте келе көбейіп жатыр ғой олар...