«МadMen” бойзбенді отандық шоу-бизнесте «дүмпу жасай» ала ма?!

Сообщить о проблеме с эфиром

Иә, отандық шоу-бизнесте хип-хоп та, кью-поп бағыты да кең қанат жаюда. Қызығы, мына бойзбэндтің құрамы осыдан 5 жыл бұрын жасақталғанымен, тұсауы тек жуырда ғана кесілді. Қазақтың поп-музыкасының көшіне қосылған жігіттер осы уақытқа дейін қайда жүрген?!

Бұл бойзбенд бүгінге дейін корейлік топтардың әндеріне кавер жасап, желіде танылған-ды. Алғашқы құрамда жеті жігіт өнер көрсеткенімен, кейін бестікке қысқарған. Алайда, «МadMen» кей-поп бағыттан бас тартып, қазақ поп музыкасын дәріптеуді жөн деп шешеді.

«MadMan» тобы: -Біздің ойымызша қазір қазақша попты дамыту керек. Әрқайсымыз өз елімізде таныстыруымыз керек өнерімізді. Мысалға, ары қарай кью-поп дами беру үшін. Сол үшін осы бағытты таңдадық.

Хай, Тим, Рэм, Арэн мен Мура! Бұл бойзбендтің де әдеттегідей сахналық лақап аттары бар және құрамы қос рэпер мен 3 вокалисттен тұрады. Тіпті, кью-поп бағытында қалыптасқан ережеге сай, шаштарын түрлі түске бояп, сырға да тағады. Бірақ, бұл ұжымның әріптестерінен өз ерекшеліктері бар.

«MadMan» тобы: -Біздің фишкаларымыз, біздің құрамда өзге ұлттар бар. Мысалға, біздерде кәрістер бар, метистер бар. Таза қазақтар бар. Солай, сонымен ерекшеленеді.

«МadMen» бүгінде фанаттар армиясын жасақтап үлгерген. Алғашында, жігіттердің сахналық образдарын ет-жақындары жатсынғанымен, өнерге құштар бозбалалар, ата-аналарының санасында қалыптасқан стеротипті бұзғандарын айтады.

«MadMan» тобы: -Келе-келе бізді көрген кезде ата-аналарымыз, біздің не істеп жатқанымызды көріп біздерге: жақсы жасай бер, еш нәрсе істемегеннен гөрі, осыны жасай бер деп, сөйтіп өзінің ақылын айтып отырып, үйреніп кетті өздері.