«Планета обезьян. Война» фильмінің әлемдік тұсауы кесілді!

Сообщить о проблеме с эфиром

Енді, киносүйер қауым үшін жағымды бір жаңалық! Нью-Йоркте «Планета обезьян: Война» картинасының жаһандық премьерасы өтті. Бұл фильм аталмыш франшизаның, тұсауы кесілген тоғызыншы туындысы болмақ.

Жаңадан жарық көрген «Планета обезьян: Война» фильмі 2011 және 2014 жылы таспаланған кинокартиналар желісінің жалғасы саналады. Киногерлер сөзінше, сонау 1968 жылдан басталатын бұл трилогияның тарихи нүктесі, аталмыш кинокартина арқылы қойылмақ.

Мэт Ривс, режиссер: -Мен бес жыл бойы осы трилогияны дүниеге әкелу үшін маймылдар әлемінде өмір сүріп, басқа еш нәрсемен айналыспадым. Әрине, ұзақ жылдар бойы жұмыс істеген үлкен еңбегіңнің өз мәресіне жетуі көңілге қаяу түсіреді.

Басты рөлдегі мешіндер көшбасшысы, бұл жолы қатал полковник Вуди Харрельсонның қол астындағы әскерді басқарады. Фильмнің сюжеті әдеттегідей адам мен хайуанаттар арасындағы шайқас бойынша өрбітілгенімен, осы туынды тың толықтыруларымен қуантпақ.

Бірақ, картинаның актерлік құрамында үлкен өзгерістер жоқ. «Планета обьезьян» киножобасының бұл бөлімінде де, дарынды актер Энди Серкис «Цезарь» бейнесін ойдағыдай сомдап шыққан.

Энди Серкис, актер: -Менің ойымша, «Цезарь» керемет кейіпкер. Ол маймыл терісіндегі адам дер едім. Әдетте, белгілі бір рөлдерді сомдамас бұрын, кейіпкерді әбден зерттеймін. Ал, бұл кейіпкер толықтай көңілімнен шығады.

«Планета обезьян» картинасының 5 бөлімнен тұратын түпнұсқасы тұңғыш 1968-1973 жылдар аралығында түсірілген. Тіпті, сол уақыттағы бұл ғылыми – фантастикалық бағыттағы фильм «Оскар» жүлдесін де иеленген. Ал, адамдар мен маймылдар арасындағы майдан туралы кинотуындының жанкүйері, картинаны шілденің 13-нен бастап үлкен экрандардан көре алады!