«Рензо» тобы алматылық тыңдармандарымен қауышты

Сообщить о проблеме с эфиром

Аймақтардағы ән сапардан оралған «Рензо» тобы, енді алматылық тыңдармандарымен қауышты. Алуа Қонарова басқаратын бойзбендтің адал жанкүйерлеріне айтар тың ақпараттары бар көрінеді. Рензиктер аталмыш төрттіктің тосын жаңалығын қалай қабылдады? Серікқазы Аязбаев баяндасын.

Бұл Рензо тобының тарихында екінші мәрте ұйымдастырылып отырған фан-митинг. Жігіттердің шығармашылығын сүйер жасөспірімдердің қарасы биыл әлдеқайда көбейген. Бойзбендтің де тыңдарманына тарту етер тосын сыйы жетерлік!

«Renzo» тобы: -Өткен фан-митингте өлең айтқан жоқпыз. Яғни, бірнеше әнімізді айтамыз. Оның бәрі әрине жанды дауыста болады. Сонымен қатар, дайындап қойған кішігірім қуантарлық сыйлықтарымыз бар!

Бір қызығы, фанаттар кумирлерімен жүздесіп, емін-еркін сэлфи жасау үшін, қалтасында қаржысы болуы керек екен. -Мен «Рензоны» жақсы көремін. Мен рензоны көру үшін осы билетті 500 теңгеге сатып алдым.

Иә, адал жанкүйер деп рензиктерді айтыңыз! Бойзбендтің фанаттары бұл жолы топтың әр әншісіне арнайы фото-мозайка әзірлепті. -Біздің бір жылдыққа арналған тосын сыйымыз. Біз ерекше сыйлық болсын деп, біз оларды қаншалықты жақсы көретінімізді көрсеткіміз келеді. Және біздің фото-мозайка біздің рензиктерден құралған. Яғни, фото -мозайкада рензиктердің суреттері бар.

Жақында ғана өзге аймақтағы рензиктермен жүздескен бойзбенд шет елдік жанкүйерлерін де қуантуға асық. Рензоның алғашқы ән сапары аспан асты елінен бастау алмақ!

«Renzo» тобы: -Жақын арада, осы жаздағы жоспарымыз Қытайға барып келу. Қытайға барып келіп, содан кейін жаңа әнімізге жаңа бір бейнебаян түсіру деген жаңалық бар бізде.