Әлем таныған Димаш биылғы «Славян базары» байқауының құрметті қонағы!

Димаштың ерекше вокалдық қабілетін алғашқылардың бірі болып мойындаған, «Славян базары» ән байқауының қырағы қазылары еді. Сондықтан, қазақ баласы үшін, аталған жас орындаушылар сайысының орны ерекше. Енді, Құдайбергенов осы музыкалық доданың құрметті қонағы болмақ.

Иә, әлем таныған Димашқа алғашқы танымалдылықты дәл осы «Славян базары» тарту еткен-ді! Ән додасында 2015-ші жылы ел намысын қорғаған ол бас жүлдені еншілеп, ерекше вокалдық қабілетімен дүйім жұртты тәнті қылған еді. Бүгінде, кестесі тығыз Құдайбергенов, шілде айының 17-сі күні Витебск қаласындағы тыңдармандарымен қайта қауышпақ.

Алпамыс Шаримов, Д. Құдайбергеннің PR-менеджері: -25 жылдық тарихы бар конкурста, бірде-бір қазақ, бірде-бір азия ұлтының өкілі ұтпаған «Славян базарында» жеңіске жеткен болатын. Дәл сол кештің биыл экслюзивті қонағы ретінде жабылу салтанатында өнер көрсетеді.

Отандасымыздың шет елдегі фан-клубтары, «Ай эм сингер» жобасына дейін де қалыптасқанын бірі білсе, бірі білмес!

Алпамыс Шаримов, Д. Құдайбергеннің PR-менеджері: -Ол жерде Димашты өздерінің жергілікті тұрғындары ретінде қарсы алады. Көп адамдар айтады ғой Қытайға барғаннан кейін көшеде жүргізбей бастады деп. Негізінде менің көрген нәрсем, Димаш екеуіміз сол жерде көшеде шыққан бойда, сол қаланың тұрғындары Димашты мүлдем жүргізбей қойды.

14-ші шілде күні Астана уақытымен сағат 21:00-де Витебск қаласында биылғы үміткерлер арасындағы жартылай финал өтпек. Ал, осы жылы Қазақстан атынан Айри есімді жас әнші бәсекеге түседі!