Қаруланған кеден қызметкерлері Роналдудың яхтасынан нені іздеді?

Сообщить о проблеме с эфиром

Шет елдік белгілі өнер жұлдыздарындай Роналдудың да әр қадамы аңдулы. Енді, атышулы футболшы испаниялық салық қызметкерлерінің қырағы қадағалауында. Форментера аралында жақындарымен демалып жатқан Криштианудың яхтасын, мұздай қаруланған кеден қыземеткерлері 1,5 сағат тексерген.

Испаниялық БАҚ-тың мәліметінше, бұл рейд Роналдуға тағылған 15 млн еуро салығын жасырды деген айыппен байланысты болуы ықтимал. Аяқдопшының өзі сабырлық танытып, тінту жасаушы заң өкілдерімен тіс жарып та сөйлеспеген. Бұл сәтте оның жанында аяғы ауыр құрбысы Джорджино Родригес пен туыстары болыпты.