«Славян базары-2017» байқауы өз мәресіне жетті

Сообщить о проблеме с эфиром

91 тобы аймақтағы турнесін аяқтаса, бүгін «Славян базары-2017» байқауы да өз мәресіне жетті. Аталмыш додадан соңғы жылдары қанжығасы бос қайтпайтын Қазақстанға, бұл жолы қандай жүлде бұйырды? Еліміздің намысын қорғаған Айри, лайықты өнер көрсете алды ма? Серікқазы Аязбаев айтады!

Белоруссияның Витебск қаласында 26-шы мәрте ұйымдастырылған «Славян базары» ән додасына, биыл әлемнің 21 елінің үміткері бақ сынауға келген. Жартылай финалдық іріктеуден кейін ақтық сынға жолдама 15 қатысушыға ғана бұйырды!

Ал, 2-ші кезеңде славян әндерін орындауда белоруссиялық, ресейлік, украиналық және сербиялық қатысушылар үздік төрттікті құрады. Қазылар финалда әлемдік хиттерді шырқаушылар ішінен тек екі өнерпаздың вокалдық қабілетіне жоғары баға берген.

Биыл бас жүлдеге үмітті қос қатысушы бар. Олар, Белоруссияның намысын қорғаған 19 жасар Егор Шаранков пен Украинаның үкілі үміті Влад Сытник есімді жас әнші. Әділқазылар екі фаворитке де жалпы 151 ұпай берген! Ayree,әнші: - Әрине, біздің ұжымымызға үлкен жауапкершілік. Бірақ, бар күшімді, барымды саламын осыған. Үміттеріңізді ақтаймын деп ойлаймын.

Иә, «Славян базары» ән аламанына аттанарда бізге осылай сұхбат берген Айри 3 кезең қорытындысы бойынша 138 балмен, үздік бестікке табан тіреді. Айгерім Рақышева, аталмыш сайыс сах