Қазақ композиторлары бір-бірінің әуендеріне құда түсудің тың тәсілін тауыпты

Сообщить о проблеме с эфиром

Плагиат қашан да жайсыз тақырып! Осы уақытқа дейін отандық орындаушылардың шет елдік әндерге жиендік жасағанын жиі айтушы едік. Енді қазақ композиторлары бір-бірінің әуендеріне құда түсудің тың тәсілін тауыпты. Сонымен, бұл жолы кім кімнен ұрлады?

Отандық шоу-бизнестегі Қайрат Нұртас, Ернар Айдар мен «Меломен» тобының репертуарын қалыптастыруда, өзіндік үлесі бар Бауыржан Есебаевтың әндеріне жиендік жасайтын жас сазгерлер көп көрінеді.

Бауыржан Есебаев, композитор: -Өздері де хабарласып, сіздің мына әніңізге менің әнімнің мына жері ұқсап кетіпті сіздер рұқсат бересіз бе деген сияқты өздері хабарласып жатады. Мен оларға рұқсат беремін.

Иә, рұқсатын береді. Өйткені, мұндай жағдай өз басынан да талай өткен. Мәселен, Ұлықпан Жолдасовтың «Жылдар жылдары» мен Есебаев өзінің «Сүйгенім бол» атты әнінің әуенінде ұқсастық барын жасырмайды.

Бауыржан Есебаев, композитор: -Ұлықпан ағаның мелодиясы маған қатты ұнап, мен өзімше оны жасаған шығармын. «Жылдар жылдар» өзінше айтылып жатыр, «Сүйгенім бол» өзінше айтылып жатыр. Мына екеуі қақтығысып қалды ғой, екеуі бір-бірімен араласып кетті ғой деп, ештеңе болып жатқан жоқ, сондықтан бұл қалыпты жағдай.

Ән «барымталаудың шебері» атанған Ернар Айдар да ұстазының бұл пікірін құптайды. Осы уақытқа дейін өзбек, қырғыз музыкасына қалыңмалсыз-ақ құда түсіп келген әнші, «ұрлықтың түбі қорлық» екенінен бейхабар ма?

Ернар Айдар, әнші: -Рұқсатыңды күтіп отырған автор жоқ менің ойымша. Мені танымайды да ол. Шыны керек менде оны қатты танымаймын. Қатты хит болып, сол авторына жетіп жатса, олде пенде ғой келіспейтін нәрсе жоқ. Бір ренжитін шығар неге рұқсат сұрамадың деп.

Иә, дәл осындай ұстанымдағы Ернардың, әуенді көшіріп қана қоймай, бейнеклип сюжетін де ұрлаудан қымсынбай жүргені тағы бар.