Linkin Park тобының солисі Честер Беннингтон дүниеден озды

Сообщить о проблеме с эфиром

Әлемге әйгілі америкалық Linkin Park рок-тобының солисі Честер Беннингтон дүниеден озды. Ресми дерек бойынша, өз-өзіне қол жұмсаған әншінің өлі денесі Лос-Анжелестегі үйінен табылған. Альтернативті рок бағытындағы Linkin Park тобы 1996 жылы құрылған. Музыкалық ұжым 20 жылдан астам уақыт ішінде 70 миллион әнжинақ сатып, екі рет «Грэмми» марапатын иеленген.

Студ. Честер Беннингтон көз жұмған күні, рок-топтың кезекті бейнебаяны жарық көрді. «Talking To Myself» деп аталған туынды бір күннің ішінде 6 миллион қаралым жинаған. Ерек әндерімен баураған Linkin Park-тың музыкасы әлемге ортақ, ал Честердің есімі жанкүйерлер жадынан ұмытылмақ емес.