Сан-Диегода халықаралық Comic Con фестивалі өз мәресіне жетті

Сообщить о проблеме с эфиром

Сан-Диегода халықаралық Comic Con фестивалі өз мәресіне жетті! Аталмыш шара аясында белгілі болған киноәлемінің көптеген жаңалықтары көрермен қауымның таңданысын тудырмай қоймады!

«Comic Con» фестивалі Сан-Диегода 1970-ші жылдан бастап дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Халықаралық шара бүгінде кітап, видео ойын, телехикая және кино саласының жаңалықтарын бір жерге тоғыстыратын үлкен алаң болып

Фестивальге қатысып қайтқан актриса Галь Гадóт «Чудо-женщина-2» фильмінде түсетінін жасырмады. Ал, туындының режиссері бұрынғыдай Пэтти Дженкинс болып қала бермек.

Сондай-ақ, премьерасын қазан айына жоспарлаған «Тор: РагнарЁк» картинасының ыстығы басылмаған трейлері назарға ұсынылды.

Крис Хемсворт, актер: -Фильмге жаңалық әкелу керек деген ой туды. Режиссермен ақылдаса отырып, түсірілім барысында әртүрлі тәжірибе жасап, шығармашылықа барынша ерік бердік.

Алайда, кинокартинаның ең басты жаңалығы – әрдайым үнсіз қалатын Халк бұл бөлімде тіл қатпақ! Комик Конның ең басты премьерасы «Бегущий по лезвию 2049» фильмі болып отыр. 1982 жарық көрген атышулы кинокартинаның жалғасы қазан айында көрермен назарына ұсынылмақ!

Райан Рослинг, актер: -Бұл сиквелде айтарлықтай өзгеріс жоқ дер едім. Алайда, жаңа технологиялармен толықтырылылған картина қызықты бола түспек.

Ал, режиссер Зак Снайдер ұсынып отырған «Лига Справедливости» қиялға толы боевигінің жағымды жаңалығы жетерлік! Біріншіден, картина Галь Гадóт, Бен Афлек, Эзра Миллер, Джейсон Момоа сынды кәсіби актерлер құрамымен қуантса, екіншіден, туынды көп күттірмей, осы күзде, қарашаның 16-сы көрерменге жол тартпақ!