Отандық «Nomad Stunst» каскадерлері Үндістанда!

Сообщить о проблеме с эфиром

Қазақстандық каскадерлер үнді елінде аянбай тер төгуде. Аты әлемге әйгілі «Nomad Stunst» ұжымының арқасында, болливудтық кино одан сайын әсерлі шығары сөзсіз.

Жайдарбек Күнғожинов, каскадер: -Мальтада болиивудский проект пираттар туралы, сосын Индияда 10 адам қазір, тоже үлкен кино, сосын Турцияда «Діріліш» деген сериал, «Балканская война» деген сериал басталғалы жатыр, сол жақта адамдарымыз.

«Номадтықтар» Үндістанның түсірілім алаңында атақты кинематограф Ник Пауэллмен бірге еңбектенуде. Әлемдік каскадерлер академиясының мәртебелі «Таурус» жүлдесінің бірнеше мәрте иегері, біздің каскадерлерге бар білгенін үйретпек. Енді, үнді киносында қазақ жігіттері бой көрсетсе таңқалмаңыз!