Жұрт назарындағы әншілердің бүгінде емін-еркін жүруі оңай емес

Сообщить о проблеме с эфиром

«Астананың» жарқын жеңісі ойыншылардың абыройын арттырғаны анық. Ал, ерекше вокалдық қабілетімен, жаһан жұртын тәнті қылған Димаштың да, танымал болғалы өмірі күрт өзгерген. Жұрт назарындағы әнші жігіттің бүгінде тыста емін-еркін жүруі оңай емес.

Иә, Димашты көрсе диарстардың шығар жаны бөлек! Алғашқыда қазақ баласының аты аспан асты елінде әйгіленіп, кейін жарты жылда жаһанға таныла бастаған жас жұлдыздардың тізіміне еніп үлгерді.

Алпамыс Шаримов, Д. Құдайбергеннің PR-менеджері: -Рас айтайық, емін-еркін Димаштың жүруі қазір өте қиын. Себебі, Димаштың осындай танымалдылығы, осындай энергиясынан көп адам үлес алып қалғысы келген болар, соған жақындағысы келетін болар. «Жақсының жанында жүр» деген қазақта сөз бар.

Бүгінде атышулы бестікке айналған «Найнти уандық» жігіттердің, топқа дейінгі қарапайым өмір салттары көзден бұлбұлдай ұшқан. Әрдайым иглздардың жіті қадағалауындағы бойзбенд мемберлері, қазір қалаған уақытта қалада емін-еркін серуендей алмайтын күйге жеткен.

«Ninety one» тобы: -Метромен, автобуспен оңай жүре беретінбіз. Бірақ, қазіргі кезде олай жүре алмаймыз. Себебі танып қояды, көріп қояды деген сияқты. Қазір жаяу жүрудің өзі қиын болып бара жатыр.

Танымалдық жағынан қара домалақтар да қалыс қалып жатқан жоқ! «Блэк дайл» бой көрсеткен жерді қаумалайтын рэйванстар, әнші жігіттермен жүздесе қалса, суретке түсіп, қолтаңба алуға құштар-ақ! Төрт айда елге белгілі топтардың тізіміне енген өнерпаздардың, иықтарына түсер жүктің де салмағы ауыр тарта бастаған.

«Black Dial» тобы: -Жауапкершілік көп! Яғни, халықтың көзінде, нысанада жүресің, адамға үлгі бересің дегендей... Өз-өзімізге одан да жоғары қарай бастадық. Себебі, бұл үлкен жауапкершілік!