Канье Уэст пен Джей Зидің жанжалын бүкпесіз баяндайтын картина таспаланды

Сообщить о проблеме с эфиром

Таяуда, тағы бір картинаға куә боламыз! Әуелі айырылмастай дос, кейін хас жауға айналған Канье Уэст пен Джей Зидің қарым-қаныстары жайлы фильм түсірілді. Режиссер Нико Вассерманның айтуынша, деректі кинотуынды рэперлер арасындағы жанжалдың бар шындығын ашпақ!

Қос жұлдыздың «Watch the Throne» үнтаспасын бірлесе жазғанынан бастап, күні бүгінге дейінгі даулары жіпке тізілген фильмнің трейлері таныстырылды.

Ал, «Public Enemies: Jay-Z vs Kanye» картинасының тұсауы 31-ші шілде күні ғаламтор арқылы кесіледі.