Астанада аралас жекпе-жек шеберлері қала кубогін сарапқа салды

Сообщить о проблеме с эфиром

Астанада аралас жекпе-жек шеберлері қала кубогін сарапқа салды.

Аралас жекпе-жек шеберінің соққысы да кәсіпқой боксшыдан кем емесі анық! Дөп тисе сегізбұрыштағы сан мықтыны терең ұйқыға кетіреді. Астанада ММА-дан өткен қала кубогі де нағыз майдан толы болды! Төбелес өнерінің сарбаздары жасаған жәрмеңке туралы Серік Ноянбайұлы айтсын.

Астана қаласының ММА бойынша өткен ашық кубогінде келешегінен зор үміт күттіретін спортшылар кездесті. Турнирге еліміздің түкпір-түкпірінен, сонымен қатар көршілес Қырғызстаннан аралас жекпе-жек шеберлері де келген. 8 салмақ дәрежесінде айқасқа түскен сарбаздар нағыз майдан көрсетті. Ерназ Мұсабек, «Astana Top-team» командасының мүшес:і – Ер жігіт болған соң, бізге сондай драйв керек, іштегі күшті сыртқа шығару керек. Мұндай турнирлер алға қойған үлкен мақсаттарымызға жеткізеді. Сыртта дос болғанымен, рингке кіргендер достықтарын ұмытып жатыр. Рингте ол басқаша.

56 келі дейінгі салмақта Жұбаныш Бағдат қарсыластарын қапы қалдырып алтын жүлдеге қол жеткізді. Екінші орын Мұхаметқанов Олжастың еншісінде. 61 келіге дейін салмақ дәрежесінде Кубок чемпионы атанған Қырғызстан өкілі Сабыржан улу Самарбек, ақтық сында Мамедов Рамазанды жеңді. Нұрбек Қабдрахманов 65 келідегі финалда төрешілер шешімімен Захир Алиевтен басым түсті. Аса тартысты жекпе-жектер көрерменін жалықтырған жоқ. Анатолий Ким, Қазақстан ММА федерациясының президенті: – Бұл жерге сенімді әрі мықты жігіттер келіп сайысқа түседі. Жаңа есімдер дүниеге келеді. Әлем чемпионаты алдындағы үлкен бір дайындық біз үшін. Әуесқой жекпе-жек өкілдерінен кәсіби шеберлерді шығару басты мақсатымыз.

70 келінің бас жүлдесі Бағлан Телібаевқа бұйырып, күмісті Шыңғыс Мұхамбетов қанжығалады. 77 келіде Виктор Борисенконы тізе бүктірген Махир Алиев чемпион атанды. Әшімхан Мәулен 84 келі салмақтың ақтық айқасында Малик Темірсұлтановты ұтты. Ауыр жекпе-жек өткізген Әбіров Серік алтын жүлдені Олег Терещенкодан тартып алды. Жеңімпаздар аралас жекпе-жектің спорт шебері атағын еншіледі. Gorilla Energy Астана ММА кубогінің қолдаушысы ретіндегі миссиясын абыроймен атқарып шықты.