Сәкен Майғазиев кішкентай жұлдыздарды іздеуде

Сообщить о проблеме с эфиром

#СәкенБалалармен! Бүлдіршіндермен суретке түсе қалса, дәл осындай хэштегті белгілейтін Майғазиев, бүгін балақайларды жанына жинады. Алайда, жұлдызбен жүздескісі келген жас өрендерге Музарттық әншінің қояр талабы бар. Олардың ән сала білуі шарт... 

Жас өнерпаздарға көлемді кастинг жариялаған Сәкен, бүгін іріктеудің алғашқы кезеңін бастады. «Музарттың» тығыз кестесінен уақыт тауып, ұстаздық қызметті қатар алып жүрген өнер иесі шәкірт тәрбиелеуге тас-түйін дайын. Сәкен Майғазиев, «Музарт» тобының әншісі:

-Өнердегі әкем, анам Лаки Кесоглу, Люция Төлешовалар «Сәкен сен педогогикаға келу керексің міндетті түрде, сен алып кете аласың» дегені мені үлкен қамшылады...

Сәкеннен тәлім алуға ниетті жас таланттардың санында шек жоқ! Қазіргі таңда ғаламтор арқылы өтінішін білдіріп, тізімге тіркеліп жатқан көрінеді.

Сәкен Майғазиев, «Музарт» тобының әншісі:

-Классикалық үлгіде көп келіп жатыр кішкентай балапандарымыз. Жаңағы диапазондары кең... Мынау, Димаш Құдайберген інімізге көп адамдар разылығын білдіріп жатыр. Неге десеңіз, адамдардың музыканы тыңдау талғамы сәл өзгерді.

Иә, кастинге келген жас өрендердің репертуары сан түрлі. Сонау классикадан бастау алып, бүгінгі шоу-бизнестегі хитмендердің де танымал тректерін таңдаған.

Сәкен Майғазиев, «Музарт» тобының әншісі:

-Еліктедім, қоя ма еліктетпей? Ол кезде жас жүректе елік көп қой. Сөйтіп жүріп таптым мен өз жолымды. Еліктеткен адамға еріп кетпей дейді. Олардың еліктегені жақсы, көрсін. Содан кейін өз жолдарын таба жатар.