Сәнгер Құралай Нұрқаділова киімдерін қолжетімді қылмақ!

Сообщить о проблеме с эфиром

Oтандық дизайнер Құралай Нұрқаділова қолжетімді баға арқылы жаңа топтамасын «хитке» айналдырмақ. Тіпті, сәнгердің өз тұтынушыларына тиімді ұсынысы да дайын. Өнерпаздың соңғы коллекциясымен тың жаңалықтары туралы тілшіміз тарқатсын...

Отандық сән әлемінің алғашқы қарлығашы - Құралай Нұрқаділова әріптестері арасында әдеттегідей бірінші болып, өз саласында төңкеріс жасамақ. Дизайнер, бұдан былай сапалы дүниелерді қолжетімді, арзан бағамен ұсынуға ниетті.
Кұралай Нұрқаділова, дизайнер:
-Мен бұл топтаманы «Гардероб» деп атадым. Себебі ұсынып отырған киімдерім әр адамның гардеробында кездеседі. Олардың сапасы люкс болғанымен бағасы қолжетімді. Яғни, кез-келген адам сатып ала алады.

Сәнгер, аталмыш топтаманың тұтынушы сұранысынан туындағанын жасырмайды. Себебі, әдемі киінуге әркімнің-ақ бар таласы. 
Кұралай Нұрқаділова, дизайнер:
-Жеңіл жейделердің бағасы 5500 теңге. Жалпы, осы топтамадан киіну үшін 15000-ға жуық теңгеңіз болса жеткілікті. Ал, ең қымбат дегенде  шамамен 35000 теңге болып қалар.

Ұзақ уақытқа көзден таса болған дизайнер, ең соңғы рет Динара Сәтжан ұйымдастырған «MONACO fashion nite » -та өзінің жеке коллекциясымен төбе көрсеткен болатын.

Отандық 7 сән үйін бір алаңға жинаған көрсетілімде Құралай Заманбекқызының қатысуы тегін емес. Себебі, ол осы сәттен Динара Сәтжанмен бірлескен жұмысын бастап кеткен. 
Кұралай Нұрқаділова, дизайнер:
-Біз Динара Сәтжан екеуіміз серіктестік жөнінде 5 жыл бұрын сөйлескен болатынбыз. Алайда, ол кезде коллекциямыз дайын болмады. Енді, көріп отырғандарыңыздай бірге жұмыс істейміз.

Құралай Нұрқаділова жеке колекциясының арнайы көрсетілімін ұйымдастыруға әлі асықпайды. Айтуынша, онсыз да жеке әрі мемлекеттік тапсырыстары көп.  Алайда, дизайнер халықты қолжетімді киіммен қуантуға уақыт табуға мүдделі.