Дизайнер болатынын айтып, жарияға жар салған Айдана Меденова неге уәдесінде тұрмады?! 

Сообщить о проблеме с эфиром

Кезінде ендігі болашағын әнмен емес, сән әлемімен байланыстырған Меденова, дизайнер болатынын айтып дүйім жұртқа жар салған еді. Алайда, Айдананың киімдер топтамасы әлі күнге дейін көпшілік назарына ұсынылмады. Себебі қандай?! 

Айдана Меденова, әнш:

-Топтаманы мен баяғыда Кешьюде жұмыс істеп жүрген кезімде армандайтынмын. Қалай шығарсам екен, қалай көрсетсем екен адамдарға деп. Енді қазір уақытым бар. Уақытымды соған арнаймын.

Иә, осыдан тура 2 жарым жыл бұрын «Кешьюмен» қоштасқан Айдана, келешек жоспарына қатысты бағдарламамызға дәл осылай сұхбат берген болатын. Жылдар жылжып, уақыт сырғыса да сылқымның жаңа сәнгерлік мансабынан біз еш өркендеуді байқай алмадық. «Айтылған сөздің, атылған оқпен пара-пар» екенін «РЕВЮНЬЮС» ұмытпайды!

Айдана Меденова,  әнші:

-Сол кезде Әминаға жүкті болып, ол жұмысқа қатты көңіл бөлген жоқпын. Қазір екінші рет ана атанып жатырмын. Бұл енді өте қиын дизайнер болу. Жайдан жай бастай салуға болмайды. Көп қаражат керек оған. Бізде текстильдік бизнес әлі дамымаған деп ойлаймын.

Айта кетелік, Айдананың студиямыздағы атышулы эксклюзивті сұхбаты әлі күнге ел жадында. Өзін біреудің «тоқалы» деп дәйексіз қауесет таратқан отандық порталдардың бірін, Меденова заң аясында жазаламақ ниетін де ашық айтқан еді. Дегенмен, сайт пен әнші жасырын ымыраға келді ме..?! Белгісіз... Әзірге «жабулы қазан жабулы күйінде».        

Айдана Меденова,  әнші:

-Олардан әлі жауап жоқ. Енді уақыт керек оған. Әлі көп уақыт өткен жоқ, ойланып жатырмыз. Әлі точка қойылған жоқ.  Тағы да бір жазып жатса, мүмкін точка қоярмыз.

 Алайда, жағымсыз пікір жазып, ту сыртынан оқ атқандар сылқымның жігерін жанши қоймаған. Жуырда ғана екінші мәрте ана атанған Айдана декреттік демалысын ұзаққа созбады. Әнші жақын күндері жеке  шығармашылығындағы үшінші клипінің тұсауын кеспек. Ырғақты ән «Тікке айтшы» деп аталады.