Дженнифер Гарнердің орнын кім басты? Бен Аффлек тұңғыш рет сүйіктісімен бірге ел алдына шықты

Сообщить о проблеме с эфиром

 Бен Аффлек Дженнифер Гарнермен ат құйрығын үзіскелі қу тізесін құшақтап қалғанды. Дегенмен, жүрегін жібіткен жанды ақыры кездестіріпті.

Телевизиялық шоу продюсері Линдсэй Шукуске Бен Аффлектің көңілі оянғаны бұған дейін де айтылғанды. Экс – жұбайы Дженнифер Гарнермен таныстырып, оның батасын алғаны жайлы да әңгіме тарады. Бүгін, бұл қауесеттер расталғандай. Ғашықтар тұңғыш рет ел алдына қымсынбай шығып, қос жүректің табысқанын көрсетті.

Селена Гомес Абел Тесфайеге деген ынтық сезімін ерекше жолмен дәлелдегісі келгендей. Сылқым енді «Пума» үшін топтама әзірлейтін болады. Спорттық коллекцияларды бұған дейін «The Weeknd -те» дәл осы бренд аясында ұсынып жүргенді. Бәлкім, тың лукьтарды қос ғашық бірлесе дайындайтын болар. Анығы Селена бұл келісім шарттың арқасында 30 миллион долларға қалтасын қампайтқан.

Райан Филипптің экс-сүйіктісі, модель Элси Хьюитт актердан бір миллион доллар өндіріп алмақ. Жайдан-жай емес әрине. Сылқымның айтуынша Райан оны өлімші етіп тепкілеп тастаған. Ғашығынан соққы алған соң, жедел жәрдем мен полиция шақырып денесіндегі жарақаттарды суретке түсіріп алыпты.  Дәл осы айғақтармен ару енді сотта жеңіп шықпақ.