Майғазиев шаңырағынан қуанышты ақпарат!

Сообщить о проблеме с эфиром

Майғазиев шаңырағынан қуанышты ақпарат! Музарттық әнші өз ұлын үйлендіргісі келетінін хабарлады. Сәкен ағамыз тіпті келіндерге кастинг те жариялаған. Жұлдызды қайын атаның болашақ келініне қояр талабы қандай екен?!

Жуырда ғана отбасылық одақтың 20 жылдығын атап өткен Сәкен мен жұбайы бүгінде ата-ене атануға қамданып жатқандарын жасырмады. Тіпті, Музарттық әнші болашақ келінін таңдауды осыдан бірнеше жыл бұрын жоспарлы түрде бастаған. 

Сәкен Майғазиев , «Музарт» тобының әншісі:

-Он жасқа жақындағаннан бастап анау «аяғын көріп асын іш, шешесін көріп қызын ал», - дейді ғой қазақта. Барған жерімде ән сапармен барсам да қай отбасы жарасымды, қай әйел отағасына мойын сұнады, қай еркек өзінің әйелін құрметтеп отыр, қай отбасының анасы төрде отырады сол әулетті қатты құрметтеймін мен. Сөйтіп осы үйден тәлім-тәрбие алған қыз жаман болмайды, инабатты, ақылды болады деп өзім топшылайтынмын да, анасы қарашы, мамасы деген керемет әйел, әкесі деген менің досым, құдаласайық деп айттым кеттім деймін...

 

Әділет Майғазы - Сәкен мен Динараның тұңғышы. Бүгінде 20 жасқа қадам басқан жігіт Алматыдағы университеттердің бірін білім алады. Келісті келін табу  миссиясына адал берілген келешек жұлдызды қайын ата, түрлі қызықты амалдарға да барады екен.  

Динара Асылханқызы,  С. Майғазиевтің жұбайы:

-Барған үйдің қыздарын ол 2 оқиды ма, 3 оқиды ма қарамайды. Әйтеуір ұнаған үйдің қыздарының фотосын алып келеді. Баламыз күледі мама бұлар әлі кішкентай ғой деп.

Сәкен Майғазиев,  «Музарт» тобының әншісі:

-Баламнан үлкен қыздарға да көзім түсіп қалады кейде. Әзірге енді Алланың қалауы біледі және баламның өзінің шешімі болады. Жүрекке әмір жүрмейді ғой. Бірақ әзірге әке, ана Алла нәсіп етсе сіздер айтқан, сіздер маған кеңес берген қызға үйленемін деген сияқты айтып жүр 19-ға дейін. 20-дан кейін 19-дағы бала не айтпайды демесе болғаны әйтеуір.

 

Сондай-ақ, бүгінде Қыдырәлі мен Қарақаттың үлкен ұлы Бекболат та жігіттік жаста болса, Жанболат пен Жазираның атұстары Қазыбектің де жар таңдайтын уақыты қыр астында!