Қанат Ислам  WBO рейтингінде үздік үштікке кірді! Ендігі қарсыласы Мигель Котто ма?

Сообщить о проблеме с эфиром

 Қанат Ислам толыққанды әлем чемпионы атанған күні, күллі қазақ халқы тойлайтыны анық! Бұл мақсатқа да ол бір табан жақындады. Кәсіпқой боксшымыз  WBO тұжырымының жаңартылған рейтингінде үшінші орынға көтерілді!

Қанат Ислам 9-қыркүйек күні Астанада өткізген жекпе-жегінде, жеңілмеген канадалық  Брэндон Кукты нокаутқа түсірген болатын. Осылайша ол 25 кездесуінің бәрін жеңіп, оның 20-ын уақытынан бұрын аяқтады.  Енді Қанат өз салмағындағы WBO чемпионы атақты Мигель Коттомен жұдырықтасуы да бек мүмкін.