Төреғали Төреәлі үйлену тойын жасамақ!

Сообщить о проблеме с эфиром

Бұрындары БАҚ өкілдерін көрсе, ат-тонын ала қашатын Төреғали бұл жолы мүлдем өзгерген. Осы уақытқа дейін жұбайы жайлы жан баласына жақ ашпаған әнші, енді тілшілердің кез-келген сауалына жауап беруге тас-түйін дайын. Бір қызығы, үш жыл бұрын ақ құсын қолына қондырған Төрештің дүбірлі тойы, биыл өтетін болыпты. Неге дейсіздер ғой?! 

Бұл бейнежазба осыдан үш жыл бұрын тойланған Төреғалидің туған күнінен естелік. Ол кезде сері жігіт бүгінде жан жарына айналған дәл осы Толқын есімді бойжеткенмен көңіл жарастырып жүрген-ді. Алайда, араға бірнеше ай салып екі жастың отау құрғанын растайтын суреттер желіні дүр сілкіндіргені бар. Бірақ, хитмен жұбайы жайлы жан баласына жақ ашпауға бекініпті.  

Төреғали Төреәлі,  әнші:

-Кішкентайымнан анам айтатын. Балам, 25-ке келіп үйленесің деп. Ақылыңды тоқтатып, оң мен солыңа қарап деген. Бірақ, 22 жасымда келінін көрді де, «үйленсең де, үйленбесең де үйленесің»- деп, үйлендіріп жіберген анам еді негізі. Мен айттым қазіргі жағдайымызбен тойды жасай алмаймыз бәрібір. Тойды жасамасаң кейін жасайсың деді. Өзің 25-ке келгенде үйленесің деп айтушы едіңіз ғой десем, «жоқ, менің айтқаным айтқан» - деп, анам таңдағаннан кейін келін соларға керек қой. Бірақ, анамның аузы дуалы екен, 25-ке келіп үйленесің деген әңгімесін Алла қабыл еткен шығар. Сол тойды 25-ке келіп жасайын деп жатырмын.

Иә, 10 жыл бойы жұбайын жұрттан жасырған Нұртастың  ұлы да, жақында келіншегі Жұлдыз Әбдікәрімованы жұртқа ресми таныстырып, тіпті фильмінде бірге ойнаған болатын. Алайда, Төреғали мен Қайраттың өте ұқсас келген бұл қадамдарын Төреш сәйкестікке балап отыр.

Төреғали Төреәлі,  әнші:

-Қайраттың бұл ойы өзінің жаңағы жеңешеміз, жарын мамандығы бойынша бір кино түсіріп беремін деп, ол да уәдесін берген мысалға.  Уәдесінде тұрып жатыр, жігіт емес пе?! Ел сұрағаннан кейін, «халық қаласа, хан түйесін сояды» - дейді ғой. Елдің сұранысы сол болып тұрған кезде, оны жасырып қай сандыққа салып қоясың..?

Төреш, енді жұбайын жасырмайды. Осыдан үш жыл бұрын отағасы атанса да, Төреғали мен Толқынның дүбірлі тойы қазан айының 17 күні өтетін болыпты. 

Төреғали Төреәлі, әнші:

-Қай күні сен үйленіп, келіншегіңнің бетін ашып жатыр сол күні құдай соны саған бұйыртқан екен де. Қалай күтсең де құдай бермесе, тартып ала алмайсың дегендей, бұйыртқан күні отау құрдық. Алла қаласа, енді тойды аман-есен өткізіп алсақ, сонымен «аш құлық та тыныш құлақ» болайын деп тұр.