«МузАрт» ізбасарлары фанаттар армиясын жасақтай алмай жүр!

Сообщить о проблеме с эфиром

«МузАрт» шәкірттері бастарын ауыртқан толғақты тақырып тым басқа. Естеріңізде болса, алты ай бойы ат іздеп желіде жазба жариялаған жігіттер, енді фанаттарын жинай алмай дал болып жүрсе керек.

Жыл басында жасақталған жігіттер тобы алты ай атсыз жүріп, бүгінде бір шешімге келді-ау, әйтеуір. Мыңдаған нұсқалардың бірін де лайық деп таппаған ұжым, соңында әйгілі ансамбль атауынан алшақтамауды жөн санапты.     

«Музарт Life» тобы:

-Қанша ат іздедік. Инстаграм желісіне де салдық. Енді көбісі көңілімізден шықпады. Біздің топқа келмеді. Топтың аты «Музарт Life» болып қалатын болды. Өйткені, «Life» сөзі «Өмір» деген мағынаны береді.

Алғашқыда тыңдарманға төрттік ретінде танылған өнерпаздармен бүгінде толық құрамда сұхбаттасу мүмкін болмады. «Бұл жолы дуэтпіз...» - деп қалжыңдаған жігіттердің әзілі алдағы уақытта ақиқатқа айналмасын деп тілейміз.

«Музарт Life» тобы:

-Біздің Серікболсын мен Сұлтан Астанада оқиды. Өнер университетінде. Енді олар сабаққа барған жоқ. Сол себепті 1-2 аптаға Астанаға оқуға барып келейік деп кетті. Міне, Әзиз екеуіміз жүрміз әзірге, дуэт болып.

Бұл жігіттер жарты жылда 8 ән мен қос клипті таспалап үлгерген. Мұны аз уақыттағы жақсы нәтижеге балаймыз! Алайда, «МузАрт» ізбасарларын толғандырған тағы бір мәселе бар. Олар енді фан-клубқа атау таппай, «күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан» айырылғандарын айтады.

Музарт Life» тобы:

-Арасында қалжыңдап «МузФан» деп қоямыз ба депші. «МузартЛайфФан» деп қоямыз ба әлде. Негізі оны әзірше жоспарлап жүрміз. Әлеуметтік желілерге салып қалай атасақ болады деген ой қазір төртеумізді де мазалап жүр негізі.