Динара Сәтжан өзге сәнгер әзірлеп берген тұңғыш топтамасын таныстырды. Бұл көзбояушылық па?

Сообщить о проблеме с эфиром

Отандық фэшн апталықтарынан енді Динара Сәтжанды да жиі байқайтын боламыз. Бизнесвумен өз маркасымен маусым сайын киімдер топтамасын әзірлеп, сән сахнасына шығармақ ниетті. Тіпті, тұңғыш коллекциясын да таныстырып үлгерді.

 Динара Сәтжан үшін отандық фэшн өндіріс таңсық емес. Жеті жыл көлемінде өз атымен ашылған шоу-румы арқылы, Қазақстандық сәнгерлердің дүниелерін Астаналық аруларға жеткізіп келеді. Бірақ, үмітті ақтамаған дизайнерлерден аузым жиі күйді дейді бикеш. Сондықтан, өз маркасы аясында сенімді  сәнгерлермен қосыла іс атқарып, тың тәжірбие жасауды ұйғарған.

Динара Сәтжан, бизнесвумен, дизайнер:

– Идеямды Бауыржан Сағиевке жеткіземін. Ол конструкциясын жасап, кесіп, пішу сынды жұмыстар арқылы менің ойымды жүзеге асырады. Сондықтан, бұл екеуміздің ортақ еңбегіміз.

Динара Бауыржаннан бөлек кез-келген сәнгермен әріптестік орнатуға дайын. Бұл жаңашылдық – жақсы табыс көзі боларына сенеді бизнесвумен.

Алматы подуимына шығарған тұңғыш топтамасын, бикеш Роза Бағлановаға арнапты. Әншінің винтажды сахналық костюмдерін, күнделікті киген көйлектерін зерттеу арқылы коллекциясын жасап шығарған.

Динара Сәтжан, бизнесвумен,дизайнер:

– Мүсіне менікімен ұқсас, стандартты өлшем киетін әйелдерге арналған топтама дер едім. Себебі, толық жандардың не қалайтынын мен білмеймін. Талғамын дөп баса алатынына күмәнім бар. Бағасы -орташа. Аса қымбат та, әрі тым арзан да емес.

Отандық сегіз дизайнермен бірге Динара Сәтжан маркасының топтамасы,  Мәскеулік «Mercedes-Benz Fashion Week-тің» сән сахнасына шығады. Ресейлік сәнқойларға ол әлі ешбір подуимнан көрінбеген тың дүниелер апармақ.