Қара пиар құрбандары! Сиви Махмуди, Ернар Айдардың құпиясын ашты!

Сообщить о проблеме с эфиром

«Меломендіктер» төбелестің құрбаны болды! Дәл осылай жарыса  жазған порталдардың таратқан ақпараты ақиқат болмай шықты.  Желіде мына суреттер лезде тарап, аталмыш топ әншілерінің пышақталғаны туралы көп айтылған еді. Алайда, топ продюсері жігіттердің дін-амандығын жеткізді.

Желіде дүйім жұртты дүрліктірген бұл фотолар отандық картинаның түсіріліміндегі кадрлар екен. Дәл осындай, қара пиардың жетегінде жүрген жұлдыздар легі тек «Меломендік» жігіттермен шектелмейді. Отандық шоу-бизнесте жұрт назарына жиі ілігуді қалайтын бикештердің бірі Сиви Махмуди.

Сиви Махмұди, әнші, продюсер:

-Машина ұрғаным шығар. Тек қана Қазақстан емес, бүкіл әлемді шулатқан. Ол кезде біз негізі айтпаймыз ба дегенбіз. Типа, шынайы, солай болып қалады ма деп ойлағанбыз.

Иә, бірақ бәрі Сиви ойлағандай болмады. Махмуди өзі продюсерлік еткен картинаны жарқыратып-ақ  жарнамалағысы келген. Алайда, ата-анасы қызының қисынсыз қылығына қапаланған көрінеді.  

Сиви Махмұди,  әнші, продюсер:

-Атыма кейбір кезде септігін емес, кесірін тигізіп жатса да жасаймын, амал жоқ! Арасында ата-анаммен ақылдаспай жататын кездері болады. Ата-анамда ренжиді. Сен неге үш балаң бар екенін ұмытып кетесің? «Тырнақтап жинаған біздің абыройды шелектеп шашасың» деп ұрсады.

Сиви, сұхбат барысында өзімен қатар, өзге әріптестерінің де құпиясын ашты. Естеріңізге сала кетсек, көктемде Ернар Айдар жол апатына ұшыраған еді. Бірақ, бұл оқиғаның қара пиарға қатысы болмағанымен, Сиви сеніп қалғанын айтады. Өйткені?!

Сиви Махмұди , әнші, продюсер:

-Өйткені, оның алдында ағасы Талғат айтып жүрген. Бір пиар ойластыру керек еді. Аварияға түсті деп айтамыз ба деген сияқты әңгімелер болған. Мен соған ойладым, пиар ғой деп. Мына жақсы нәрсе айт дейді ғой. Сол сияқты пиар қыламыз деп, шынайыға айналып кеткен ғой.