«All Давайлық» Шоқан, әке атануға әбден дайындалып жүр!

Сообщить о проблеме с эфиром

Өзгелердің алдын орап, осы көктемде отау құрған «All Давайлық» Шоқан Маратұлы, әке атануға үлкен жауапкершілікпен дайындалып жүрген көрінеді. 

Еске салар болсақ, әнші Әнел есімді сылқыммен көңіл жарастырған болатын. Енді міне, арудың айы-күні жақындап, жуық арада қос ғашық ата-ана атанбақ. Тұңғыштарының дүниеге келуіне әзірлік жұмыстарының қалай жүріп жатқаны жайындағ әншінің қарындасы Рано өз аузымен айтып берді.
Рано Умарова, продюсер:
-Қазір олар қатты дайындалып жүр. Дәрігерді де, емханананы да алдын ала таңдап қойған. Тіпті, сәбидің бөлмесі де әзір. Бұл - өмірдегі ең қуанышты сәттер ғой. 

Шоқан мен жұбайы шетелдік емес, еліміздің емханаларының біріне таңдау түсірген. Маңызды сәтті тағатсыздана күтіп жүрген қос ғашыққа, барлығының ойдағыдай өтуіне тілектеспін!