Лайықты төленген миллиондар! Головкин мен Альварес ғасыр жекпе-жегі үшін нақты қанша ақша алды? 

Сообщить о проблеме с эфиром

Атақты ағылшындық Daily Mail басылымы Головкин мен Альварестің жекпе-жектен түсірген пайдаларын нақты жариялады. 16-шы қыркүйекте Лас-Вегаста өткен бұл айқастан, қос боксшы да өз мансаптарындағы ең қомақты қаржыны қанжығалапты. Әлемдік мега-жұлдызға айналған Геннадийдің қаламақысы қанша?! 

«Шөл даладағы тең есеп» деген бейресми атау алған Головкин мен Альварестің «ғасыр жекпе-жегі» спорт тарихында алтын әріптермен жазылатыны анық.  Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өткен бокс кешін ұйымдастырушылар 12 раундқа созылған айқастың ақылы трансляциясынан 100 млн доллар пайда тапқан. Тірідей тамашалауға келген жанкүйерлердің арқасында 30 млн долларға билеттер саудаланған. 

Геннадий Головкин бұл жекпе-жек үшін 25 млн-ға, мексикалық Сауль Альварес 35 млн долларға кенелген. Daily Mail таблойды келтірген бұл деректерде, PPV жүйесі мен билеттер сатылымынан түскен пайданың пайызы бар-жоғы әзірге белгісіз. Бұл қос боксшының да кәсіби мансабындағы ең көп гонорары. 

Жекпе-жекті көрген көзі ашықтар, әділқазылар Головкинді жеңісінен әділетсіз айырды деп санайды. Дегенмен, Геннадий әлі де WBA (Super), IBO, WBC және IBF  тұжырымдарының чемпионы. Ол Альвареспен 2018 жылдың мамыр айында рингте қайта кездесу ықтимал.